Дала көрдім – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Дала көрдім» атты Мағиза Құнапияқызы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 665
Қандай күш осыншама көрікті еткен?
(Есімді алып біттің елік көктем)
Бақ та емес гүл сататын дүкенде емес,
Дала көрдім қызғалдақ толып кеткен.

Көрсем де сарғайғанын, жасарғанын,
Көрсем де бусанғанын, босанғанын,
Шығатын керуенге қор қызындай,
Көрмеппін мұнша сұлу жасанғанын.

Көрсем де ағарғанын, терлегенін,
(Көп екен көргенімнен көрмегенім).
Кеткендей осында кеп гүлге айланып,
Бақытым қонбай кеткен көлге менің…

Қимаймын үзуге де, басуға да,
Қып-қызыл бауырсақтар шашылған ба?
Далада кірлегісі келмеген гүл,
Осында бір-ақ түнде тасынған ба?!

Қызғалдақ жауып кеткен дала көрдім,
Далаға тартып туған дана көрдім.
Қарсы алған өрттей болып кербез далам,
Кетерде күреңітіп қала бердің…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дала көрдім өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Дала көрдім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дала көрдім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дала көрдім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері