Өлең, жыр, ақындар

Атырау

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 785
Атырау!
Тағы жыр боп ағытылдым,
Тоқтайтын тұсы сенсің бағытымның.
Шақ қалып жығылуға жүрем сенде,
Салмағын көтере алмай шабытымның.

Алтайдан саған дейін құлаш ұрған,
Айналдым бабалардың мұратынан.
Каспий дейтін арудың мұнайыңды,
Бұрымы ма деп қалам шұбатылған…

Жүргендейсің дәптерге шимай жазып,
Жан-жағыңа қарасаң мидай жазық.
Аялдамай бір сәтке қайта шығар,
Батқанымен ерке күн қимай барып.

Ұйқыдағы арудың көрпесіне,
Ұқсайтын құмға барам ертесің бе.
Сағынышым ботаның көздерінде,
Тауларым жүр түйенің өркешінде…

Қарай-қарай көз талып дара шыңға,
Келе алмадым тағдырмен жарасымға.
Іздейінші жеткізбей кеткен арман,
Киіктердің жүр ме екен арасында…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір бақшада баптайық

  • 0
  • 0

Мент үшін саған өзге жетеді кім?
Сен келсең маңайымнан кетеді мұң.
Сен дағы бір ауылдың серісісің,
Мен дағы бір ауылдың сетерімін.

Толық

Туған күн

  • 0
  • 0

Салатын сурет қолында бояу,
Мезгілден асқан бар ма екен күшті.
Тағы бір жасым ұйқылы-ояу,
Оң жамбасымен бір аунап түсті.

Толық

Күрең жапырақ

  • 0
  • 0

Түстікке қарай
Жөнеліп жатты құстар көп.
Жүрсеңші бірге!
Алдыңда аппақ қыс бар деп.

Толық