Жеті рет талдар бүр атты – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Жеті рет талдар бүр атты» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2386
Шет жер де болар азға сын,
Білесің атың озбасын.
...Көзімді көкке қадаймын
Көрсетпейін деп көз жасым.
Күн қызыл болып батар-ды,
Не деп қарайды жат әлгі?
Алқара көк те аманат,
Дуалы ауыздан бата алдым.
...Қайсысын айтайын ұлық түн?
Азабы көп-ті сынықтың.
Бейберекет өтті күндерім-
Бекерге өмір сүріппін.
...Нешесі бүгін маусымның?
Даусының өзі ән сындым.
Талмаурап барып атты таң
Таңды күтуден таусылдым.
Таба алмай Жерден тұрақты
Қояды көңілім сұрақты:
«Сабылтып бітті армандар,
Жеті рет талдар бүр атты...»
Шет жер де болар азға сын,
Білесің атың озбасын.
...Көзімді көкке қадаймын
Көрсетпейін деп көз жасым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері