Сұп-суық тамшы сағақтан тұрды тамшылап – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сұп-суық тамшы сағақтан тұрды тамшылап» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 632
Сұп-суық тамшы сағақтан тұрды тамшылап,
Айығар ма күн?
(Қарайлас еді бар сұрақ)
Барып қайттым мен асығыс орап шарфымды,
Балтыры тоңған бала қайыңнан хал сұрап.

Тоңады талай, талады талай білек те,
Осылай күн де айнала бермес түнекке.
Күйдірмегенмен жылулық бар бұл күзде де,
Құятын сәуле тоңазып тұрған жүрекке.

Әнші құстарым,
Бақты иен тастап кетпеңдер,
Мезгіл ауғанмен орнында әлі көк пен жер.
Суық болғанмен аяз да сені сүйерін,
Білмейді ешқашан жылы мекенге көшкендер…

Ән салғын торғай,
Қалдырма бақты иен тым,
Орнында әлі алма ағаш, өрік, үйеңкім,
Бозарып емес сезімнен жүзім күреңітіп,
Бар махаббатпен осынау күзді сүйем шын…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері