Жайым осы – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жайым осы» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 596
Бұлт қашқан аспанынан панасыз күн,
Ұяңа жет!
Көмекке шарасызбын.
Қарсыз қара суықтай қытымырмын,
Түнгі соққан сағаттай мазасызбын.

Ұшақ ұшты төбемнен күркіреген,
Оған да назарыңды бұршы дер ем.
Бақшадағы өріктей дәрменсізбін,
Жалаңаш бұтағын жел сілкілеген.

Үй мынау ұшақ ұшқан төбесінен,
Жырақта бйіктердің елесінен.
Асыға шыққан түтін жоқ боп кетті,
Бөлінді де моржаның денесінен.

Қарды аңсадым түйірі көз арбаған,
Сұлу шақтың қадірін сезе алмағам.
Саяжайда сабылтып ойларымды,
Жайым осы-бйіктен көз алмаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері