Қыйын – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қыйын» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1798
Жастығыңда сүрінбей жүру қыйын,
Ертең не боларыңды білу қыйын.
Өзгеріп кетсем мұны ерлік деме,
Азу оңай ,сертіңде тұру қыйын.

Бір сөнсең қайта лаулап жану қыйын,
Жаза баспай жақсыны тану қыйын.
Еліктесем басқаға мақтай көрме,
Өмірде өзің болып қалу қыйын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері