Бұл бетте «Дала сәні» атты Айсұлу Рүстемова жазған табиғат туралы өлең берілген.
Бір тал қамыс
жол үсті, мұңаяды.
Азар беріп
жел өті - қыл аяғы.
Көзің жасы
Көл болған - ұшты ма екен.,
Енді оны бұл
Қайтіп жия алады?
Бір-ақ талды
Үкісі дірілдеген.
Бары да, жоғы да
Оның білінбеген.
Суық ұрсын,
жаңбырда қалсын мейлі,
Дала сәні
Кіретін үніменен.
Бір тал қамыс
Не білді, нені ұғынды?
Күтуменен
көп дерек көзі ілінді.
Әжем көзін
Көргендей үкілерің
Өзі батыл,
өзі ерке, өзі мұңды...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі