Дауды бүгін дауламаймын өнбейтін – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Дауды бүгін дауламаймын өнбейтін» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2446
Дауды бүгін дауламаймын өнбейтін.
Ақша бұлтқа айналғанмын көлбейтін.
Киімімді киіп Жерде жүр біреу
Баяғыдай сені жақсы көрмейтін.
Ақша бұлттың арасынан кешқұрым
Көзің шалса бар қатемді кеш, күнім.
Ескі таныс көріп еді бір күні
«Ол емеспін!»- деді жүрек, естідім.
Естігін де, дәл осыны ескергін.
Өртенумен, өксуменен өшкенмін.
Киімімді киіп Жерде жүр біреу-
Сол адамнан, сол адамнан сескендім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері