Бір бақшада баптайық – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Бір бақшада баптайық» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 539
Мент үшін саған өзге жетеді кім?
Сен келсең маңайымнан кетеді мұң.
Сен дағы бір ауылдың серісісің,
Мен дағы бір ауылдың сетерімін.

Көңілім жалғыз сені қалайды деп,
Жолыңда арулар жүр талай жүдеп.
Өзіңмен келе жатсам кей жігіттер,
Соңымнан қызғанышпен қарайды көп.

Сездің бе шуағы мол жылы күзді,
Құшады алтын күздің нұры бізді.
Баптайық бір бақшада гүлімізді,
Біріміз ұнатқан соң бірімізді.

Таңымыз от болғанда кешіміз шоқ,
Сезімге жүрек сүймей бекініс жоқ.
Ізіңе ит жүгіртіп не қылайын,
Бақыт аз басқан ізде өкініш көп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері