Өртелген мешіт

Бұл бетте «Өртелген мешіт» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1082
Бейуақта сөккен кім сенімімнің көбесін?
Үйі өртелді Тәңірдің.
(Түсім емес, өңім бұл).
Жанарымда боталап жазулардың елесі,
Кірпігімнен ұшады құсқа айналып көгілдір.

…Тұншықтырып жанымды жанайқайым өзімнің,
Құмда қалған құлазып жолаушыдай сезіндім.
Мендік тағдыр жазылған «Тәңірхаттың» парағы,
Көз алдымда тұр әне, отқа оранып күп-күрең.

Қанат қағып Қиссалар қиялымның үстінен,
Әлсін әлі қағады қылқобыздың шанағын.
Жалқын оттың ішінде күрсінеді көлеңкем,
Шым-шытырық, қым-қиғаш елес торлап жанарын.

Өртке сүңгіп барамын…
…Батып бара жаттым бір қап-қараңғы түнекке,
Қалды артымда шұбалып иір-қиыр жалғыз із.
Таңғы азанның дауысы қалқып шығып жүректен,
Маңдайыма қадалды өртенген Ай алқызыл…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өртелген мешіт өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Өртелген мешіт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өртелген мешіт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өртелген мешіт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері