Бейуақ – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Бейуақ» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 612
Бейуақ...
Үйірлі жылқылар дүбірі–
Рухтың үніндей
Көкірек нұрына тамшылар...
Қар басқан қараша гүліндей
Кім оны жаншыған?!
Тау, орман, ағаш, тал... мүлгіген.
Әлемнің құшағын кезеді жаңғырық.
Ашар ем... кілтім жоқ, кім білер?...
Қолымда құлпылы құпия сандығым.
Қасірет!
Қасірет!
Қасірет!...
Қобыздың қоңырқай үніндей
Көңілдің көзіне тамшылар.
Бір ұзақ сапар ғой Дүние –
Басы жоқ...
Ал соңы бар шығар.
...Қар басқан қараша гүліндей,
Қашанғы жаншылар?!

2008 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері