Жалғаннан жарық таппай
Бұл бетте «Жалғаннан жарық таппай» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жалғанда кім бар бүтін арманы?
Байғұсты, бәлкім, шүкір алдады.
Қашатын мылқау, құса тірліктен
Өз еркімен еш құтыла алмады.
Солды дедік біз сезінсе гүлді.
Өзекті жансың-өзіңше мұңды.
Шошындым сенсең, кеңістіктен де,
Құбылып дүние, көзіңше күлді.
Аяқ басамын - жар-құз, мың ағын.
Сынған көңілді әр күз құрадым.
Сәулесіне малданып осы өлеңнің
Жалғаннан жарық таппай жалғызсырадым...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі