Өлең, жыр, ақындар

Адам – ағын, толқынды заман – арна

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 772
Адам – ағын, толқынды заман – арна,
Күн көтеріп уақыт барады алға.
Тізгін тартып, қайрылып қарамайды,
Үкім айтып үстінен қарағанға.
Түсіруде қиялдың алмасын жел,
Түсінуге талпынбау қанға сіңген.
Ашық жолы болмаса әділеттің,
Кім бұрады заманның арнасын кең.
Өсіп-өнер өмірдің діңі берік,
Керуен тартар сәулесін күнім өріп.
Сөз айтуға жасқанар ел атынан
Тіршіліктің кеткендер тіліне еріп...
Жапырақ – өмір дірілдеп тал басында,
Ақыл-күші адамның арбасуда.
Ағыстарды асатып ағыстарға,
Айналуда уақыт арнасында.
Жер тірлігін бағып тұр аспан ғана:
«Менен жоқ, – деп, – дүниеде асқан дана».
Бұлқынады біреулер, ұмтылады,
Бұрғысы кеп ағысты басқа арнаға...
Бара жатыр бір ағыс ауып менен,
Қанатыммен гүлімді жауып келем.
Бір-бір бомба басында адамзаттың
Жасырынып жатқандай қауіптенем...
Алаң көңіл, алау сөз, алау әнің,
Тұтқа болып уақытқа саналы ағын,
Ағыс қосып ағысқа алға шығып,
Арнасын жеп келесің замананың.
Өмір – теңіз, толқыны – тірі халық,
Шұғыла шашар көгінен күні жарық.
Ортаймайтын арманның арнасына
Уақытты адам барады бұрып алып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соғыстан соңғы сол жылдар

  • 0
  • 0

Соғыстан соңғы сол жылдар,
Балалық болып елестер.
Кеудемде сырнай жел жырлар,
Тербеліп таулы белестер.

Толық

Дос көңілін қылаусыз арман етем

  • 0
  • 0

Дос көңілін қылаусыз арман етем,
Арманыңды үмітке жалғап өтем.
Көптен күткен менің бір жеңісіме
Қуанатын қол соғып жан бар екен.

Толық

Бәйтерек

  • 0
  • 0

Берді оған күн де, жер де, ай қорек,
Өсті дара кең далада бәйтерек.
Табиғаттың қысқы дүлей дауылын,
Күздің желін, жаздың нөсер жауынын.

Толық

Қарап көріңіз