Өлең, жыр, ақындар

Дос көңілін қылаусыз арман етем

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 748
Дос көңілін қылаусыз арман етем,
Арманыңды үмітке жалғап өтем.
Көптен күткен менің бір жеңісіме
Қуанатын қол соғып жан бар екен.
Берілмейтін ойларға басқа бөтен,
Түзде адассам, от жанған қосқа жетем.
Жазбай таныр адаспай, көп ішінен
Көретұғын мені де дос бар екен.
Дос көңілінен аспайды басқа мекен,
Досың барда таулар да асқақ екен.
Ашып маған есігін тұратындай
Баспанаға айналып астана кең.
Көз алдыңда жеңісім, жеңілісім,
Өртке ұқсаған өлеңнің өмірі сын.
Менің адам болуым керек екен,
Елім үшін, достардың көңілі үшін.
Елі бардың еңсесі асқақ екен,
Ел көңілін басыма баспана етем.
Ортақтасып мұңыма менің де бір,
Бақытыма қуанар дос бар екен.
Жаны ауырып толқитын толғағыма,
Тұратұғын қорған боп жел жағыма,
Қуанышты мендегі бірге тойлар
Қуанамын достардың болғанына.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өтер уақыт, замандар

  • 0
  • 0

Өтер уақыт, замандар,
Ұмытылмас қимас ән.
Мен ғашық болған адамдар,
Орман болар, жинасам...

Толық

Жүзіме ойнатып ақ таң шуағын

  • 0
  • 0

Жүзіме ойнатып ақ таң шуағын,
Ойлармен аунай берем, таусыламын.
Ұйқыға кетерімде сені ойладым,
Жаңбырдың естіп жатып тамшыларын...

Толық

Айта алмаймын

  • 0
  • 0

Айта алмаймын,
алғанымды сұрама,
Ұрпағыма не қалады мұраға.
Ойлап тұрсам, о, жаралы жер-ана.

Толық