Тау басындағы тас қыран – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Тау басындағы тас қыран» атты Қанипа Бұғыбаева жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 600
Дауыл үріп қараспанның астынан,
Тығылады құз көзіне жас тұман.
Тұғырда бір тұрып қалған сияқты
Төніп қарап тау басынан тас қыран.
Жарқылдап қос жанарынан бір үміт,
Тас тырнағы тас тұлғаны тұр үгіп.
Найзағайдың оттарынан от алып,
Көк аспанға ұшатындай тіріліп.
Туған аспан күзетіп тау мекенін,
(Мекенінде сөз болып па жеке мұң).
Тау басында тас қыран тұр қасқиып,
Білмей, сезбей кәріліктің не екенін...
Бауырынан боялғандай тас қанға,
Қызыл түлкі уақытқа ұқсап қашқанда,
Ұшатындай боп тұрады көзіне
Таудың өзін бүріп алып аспанға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тау басындағы тас қыран өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Тау басындағы тас қыран өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тау басындағы тас қыран өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тау басындағы тас қыран өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері