Саған жұмбақ жылағаным, күлгенім
- 0
- 0
Саған жұмбақ жылағаным, күлгенім,
Саған жұмбақ түндерім мен күндерім.
Көк аспанға келеді әлі көтеріп,
Ерік бермей ешкімге де бұл көңіл.
Бұл бетте «Пенденің сен «кез келген» бірі емессің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Саған жұмбақ жылағаным, күлгенім,
Саған жұмбақ түндерім мен күндерім.
Көк аспанға келеді әлі көтеріп,
Ерік бермей ешкімге де бұл көңіл.
Түпсіз аспан қабағымен тұнжырап,
Бұтақтары бір түзеліп, бір құлап,
Жылмен келер жоқтап әнші бұлбұлын,
Жел өтінде жалғыз қайың тұр жылап.
Өмір деген бұтақты зор қарағай,
Асығады құшуға таңдағы арай.
Бір жапырақ тартады көкке қарай,
Бір жапырақ тартады жерге қарай!..
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі