Ауысқан сезімнің сыры мұңға

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 606
Ауысқан сезімнің сыры мұңға,
Өстің бе жоқ, әйтпесе құрыдың ба?
Таласқан бұл тіршілік өтіп жатыр,
Ешкімнің уақыты жоқ бұрылуға.
Туған ай шығарып сап өткен айды,
Айдынға қасын керіп көп қарайды.
Жоғалсаң құмға сіңген теңіздей боп,
Сен үшін дүние күйреп тоқтамайды.
Апыр-ау, кім күтіп тұр, кімге асығам,
(Таппаймын, қала кезем, қырға шығам).
Өйткені өлшеулі уақыт, өлшеулі өмір
Аспайды адамдардың бір басынан.
Сен үшін жылар дейсің кім егіліп,
(Үрейлі іштен қасқыр жүреді ұлып).
Жайлы өмір, жақсылыққа еті үйренген
Қол соғып көз жасыңа күледі жұрт.
Өрлемес лақтырғанмен шыңға тасың,
Жол іздеп жүректерге түн қатасың.
Сендей жан бұл өмірде болмағандай
Қойнына үнсіздіктің шым батасың.
Сыр ұғып құлық бар ма жыр ұғуға,
Тыпырлап қу тірліктің құрығында.
Бір ісін бітіруге бара жатқан
Біреудің шамасы жоқ бұрылуға.
Ағарып келер тағы ерініп таң,
Таңменен, жыр сұлуым, керіліп қал.
Жым-жырт ой, күңгірт бөлме, сұрғылт көңіл
Дос-құрбы – барлығы да мені ұмытқан.
Әр қилы көз алдыма толады елес,
Көгілдір бастап қиял, жаңа белес.
Даусыммен уақыттың есіне сап
Тұрмасам есімімді болар емес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауысқан сезімнің сыры мұңға өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ауысқан сезімнің сыры мұңға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ауысқан сезімнің сыры мұңға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауысқан сезімнің сыры мұңға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері