Іздерден түрлі құралған

Бұл бетте «Іздерден түрлі құралған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 777
Іздерден түрлі құралған
Соқпак, қой өмір бұралған.
Күтіп тұр мені бір үміт,
Күтіп тұр алдан бір арман.
Өмірге алғы іңкәрмін,
(Сезіммен кейде мылқаумын).
Кеудемде теңіз толқыны
Жалындай жүйрік тұлпардың.
Іздерім менің – өлеңім,
Сүйенерім де сенерім.
Қанаттылардың ішінен
Құсымды таппай келемін...
Үстінде ұлы кеменің
Шайқалып елмен келемін.
Арыстандардың аузынан
Әділетті алсам деп едім!..
Кезіңде, елім, жоқ-барым,
Мақтағын, мейлі, даттағын.
Қосылсын ұлы жолдарға
Өткелсіз өмір соқпағым!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іздерден түрлі құралған өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Іздерден түрлі құралған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іздерден түрлі құралған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іздерден түрлі құралған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері