Мұңданбаймын, қабағымды күз етіп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Мұңданбаймын, қабағымды күз етіп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 597
Мұңданбаймын, қабағымды күз етіп,
Тағат таусып, табанымнан сыз өтіп.
Түнгі көктен түні бойы бір жұлдыз
Жанатындай тереземді күзетіп...
Түн артынан, о, қаншама түн өткен,
Сезімімнің бала құсын түлеткен,
Қарай берем, тіл қатып сол жұлдызға,
Бар әлемге «қайырлы таң» тілеп мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері