Желдің де билігі жоқ
Бұл бетте «Желдің де билігі жоқ» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таң атады, сейіліп қараңғы да,
Күн келеді, көңілді алаң қыла.
Жапырақтар ұшады тал басынан,
Жаз көйлегі тағы да тоналды ма?
Түнгі үнсіздік жоғалып, серпіледі.
У-шу оны бір демде-ақ өлтіреді.
Ең соңғы жапырақтар үлгермеген
Қара суық ұрған соң тентіреді.
Қараша мұздатады кісі демін.
Желдің де билігі жоқ, түсінемін.
Қарайып, қапы қалған жапырақтың
Көрдім мен қарда қалып, үсігенін.
Желдің де билігі жоқ, түсінемін...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі