Өлең, жыр, ақындар

Кім айтты?

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1488
(Табылды Досымовтың ізімен)

Атам айтты: «Егемен ел болдық» деп,
Әкем айтты: «Үй күшік ер болдық» деп.
Мен айттым: «Қатындардан кем болдық» деп,
Ұлым айтты: «Шетелге жем болдық» деп.
Бастық айтты: «Ауа да меншігім» деп,
Әулие айтты: «Рак жазар емшімін» деп.
Мен айттым: «Жаңа қоғам орнатам» деп,
Заңгер айтты: «Сорыңды қайнатам» деп.
Атам айтты: «Дініміз тірілді» деп,
Әкем айтты: «Тіліміз іріді» деп.
Мен айттым: «Өзім көрем күнімді» деп,
Ұлым айтты: «Өшірер үніңді» деп.
Атам айтты: «Аруақтар жебесін» деп,
Әкем айтты: «Жер алсаң емерсің» деп.
Мен айттым: «Салықтарды төлерсің» деп,
Ұлым айтты: «Қарыз боп өлерсің» деп.
Ойым айтты: «Басқа салса көнесің» деп.

1998 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім айтты? өлеңінің авторы кім?

Ермахан Шайхыұлы — осы өлеңнің авторы.

Кім айтты? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Кім айтты? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ермахан Шайхыұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім айтты? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері