Ортасында аралдың? – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Ортасында аралдың?» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 597
Мен сен үшін жаралдым,
Сен мен үшін жаралдың.
Неге қалдым енді мен,
Ортасында аралдың?
Жаныма мұң салғыздым,
Иен арал.
Жалғызбын.
Тағдырыма тырнақты,
Бақытымды алғыздым.
Арал.
Арал.
Аралда,
Жаным жалғыз қалар ма?
Көзіңді сал, сүйіктім,
Мөлт жанарлы маралға.
Жаным!
Маған лайықты ең,
Жанымды ұғын, байыппен.
Теңіз кешіп, оралшы,
Желкеніңді жайып кең.
Қиял, қалай самғайсың?
Өмір, түс боп қалғай, шын!
Жарасатын құдайға,
Жалғыздық-ай, қандайсың?
Жанды азапқа жегейін,
Мейлі, бейнет шегейін.
... Елегізген сені іздеп,
Жүрегіме не дейін?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ортасында аралдың? өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Ортасында аралдың? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ортасында аралдың? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ортасында аралдың? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері