Бұл бетте «Көне дәуір туралы фильмнен соң» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көне дәуір қарап тұрды төбемнен
Аспан болып тесіле.
Кеудемді ұрып, мақтанумен келем мен
Ақылдымсып несіне?
Желше соқты, екілене, құйынды
Көп іздеді мәнісін.
Ол да сенше тәңіріне сыйынды
Шыққанынша жаны шын.
Дәуір бүгін... өзгермеген. Ескірген
Қоғам, адам, жар басы.
Әлде жібек көйлегі ме бөстірген?
Ұмытпасын Алласын,
Күн демін.
Жер бетінде жүргенін!..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі