Мен жазбаған бір өлең – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Мен жазбаған бір өлең» атты Алма Түсіпбекова жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 807
Кейде бұлттай түнерем,
Кейде ғажап гүл өрем.
Түсіреді сан күйге,
Мен жазбаған бір өлең.

Айтқан кезде аспан ән,
Қияларға бастағам.
... Жанарымнан, сол өлең,
Жаудырады жасты әман.

Тұрған жандай табыттан,
Мұң көгенін ағытқам.
... Қуантады сол өлең,
Сәттерімде жабыққан.

Сезімдердің шынары ең,
Біздер ғашық бір әлем.
... Алпыс екі тамырды,
Әлі айналып жүр өлең.

Сүрлеуі оның – ойымда,
Оқылар ма тойымда?!
Салған мені күйге ерен,
Бір өлең бар бойымда.

Кейде бұлттай түнерем,
Кейде ғажап гүл өрем.
Жарқыл қағып қанымда,
Әлі де жүр бір өлең...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен жазбаған бір өлең өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Мен жазбаған бір өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен жазбаған бір өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мен жазбаған бір өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері