Айтылмаған сырым қалды – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Айтылмаған сырым қалды» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 910
Ұйқымды түн ұрлады,
Шаттығымды мұң ұрлады.
Жазымды қыс ұрлады,
Назымды сұс ұрлады.
Биігімді аласа ұрлады,
Мамырымды қараша ұрлады.
Қара түс ағымды ұрлады,
Баукеспе бағымды ұрлады.
Қайғы кеп қуанышымды ұрлады,
Тағдырым жұбанышымды ұрлады.
Тексіздер тереңдігімді ұрлады,
Бетсіздер ерендігімді ұрлады.
Әлгі жан...
Махаббатымды ұрлады,
Шерлі әлем шапағатын да ұрлады.
-Не қалды деймісің?
-Жанымда жырым қалды,
Айтылмаған сырым қалды...
Тыңдаймысың?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері