Бақыт сияқты – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Бақыт сияқты» атты Алма Түсіпбекова жазған бақыт туралы өлең берілген.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 677
Мән берместен сөзіме,
Кеттің тірлік солына.
Тамшы толды көзіме,
Жуа бітіп жолыма.
Аласарды аспаным,
Ай тұтылды тағы да.
Жазылмады дастаным,
Жырым қалды жабыға.
Жалған мені жасытты,
Жігерімді құм қылып.
Келген бақыт асықты,
Сағымды да сындырып.
Өксіп менің өткенім,
Шыдамымды тауысты.
Көңілдегі көктемім,
Қоңыр күзге ауысты.
Бермес бұған жан шыдас,
Самғасам да талмай шын.
Тасқа тамды тамшы жас,
...Тіршілік-ай, қандайсың?..
Тек...
Сенімен ғажап күн,
Көңілімнен күй ақты.
...Сенен көрген азаптың,
Өзі бақыт сияқты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері