Күн көтеріп жүрем ылғи кеудеме
Бұл бетте «Күн көтеріп жүрем ылғи кеудеме» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
...Бар, бар екен бақыт деген расында!
Ұқсайды екен бұрқасынға, жасынға!
Ол да мендей өркөкірек, өзімшіл,
Өзге нәрсе армандайды қасымда!
Шырқын бұзып қайтем оның, долданып.
Күлем еркін. Жыламаймын зорланып.
Көрем күнде. Келе жатам көшеде
Бақытымды қолға алып.
Ез деме де, күйкі деме. Ер деме!
Сенемін мен тұрағы жоқ желге де.
Сырымды айтып Ай мен Күнге, аспанға.
Күн көтеріп жүрем ылғи кеудеме!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі