Күн көтеріп жүрем ылғи кеудеме – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Күн көтеріп жүрем ылғи кеудеме» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2301
...Бар, бар екен бақыт деген расында!
Ұқсайды екен бұрқасынға, жасынға!
Ол да мендей өркөкірек, өзімшіл,
Өзге нәрсе армандайды қасымда!
Шырқын бұзып қайтем оның, долданып.
Күлем еркін. Жыламаймын зорланып.
Көрем күнде. Келе жатам көшеде
Бақытымды қолға алып.
Ез деме де, күйкі деме. Ер деме!
Сенемін мен тұрағы жоқ желге де.
Сырымды айтып Ай мен Күнге, аспанға.
Күн көтеріп жүрем ылғи кеудеме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн көтеріп жүрем ылғи кеудеме өлеңінің авторы кім?

Айсұлу Рүстемова‎ — осы өлеңнің авторы.

Күн көтеріп жүрем ылғи кеудеме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн көтеріп жүрем ылғи кеудеме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айсұлу Рүстемова‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн көтеріп жүрем ылғи кеудеме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері