Ескі жұрт

Бұл бетте «Ескі жұрт» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 806
Ағайын берген
арғымақ болар астында,
Алқына шауып,
ақ адырлардан астың ба?!
Айналаң сонда
ақ шулан толқын
боп кеткен шығар, қарағым,
Ұқсап бір үлкен телегей-теңіз тасқынға.
Көзіңе сенің,
Шалына бермес әр күнде,
Көтерген шымнан
Ақ шаңқан үйлер көрдің бе?!
Сол жерде жатыр
Арманда кеткен
Ақсақал ардақ аталар,
Соларға сәлем бердің бе?!
Ақ селеу жапқан адырлы аймақ
аралап кетсең әр жағын,
Ақылың болса, үзе де көрме
көзіңнің ақық маржанын.
Құлаған ескі қыстаулар көрсең,
Асығыс өтіп кетпегін,
тізгінді тежей көр, жаным.
Қаншама асау болсаң да сонда,
кете алармысың бастықпай?!
Жарқылдап жүріп,
аңқылдап жүріп
алып бір ұшқан жастықтай.
Есігі ашық, көңілі ғашық
дастархан жайса барлық үй,
Өте алармысың бас сұқпай?!
Еңсесі биік,
Көңілі дария,
Қашпаған қайғы, жападан.
Жылынып кетер ыстық пейілден
Аяздың өзі қақаған.
Жеңілдеп бойың,
Ұштасып ойың,
Қоштасып кетіп барасың,
Бір демеу алып
Ақсақал берген батадан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ескі жұрт өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Ескі жұрт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ескі жұрт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ескі жұрт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері