Қаздар ұшты көлсіз
Бұл бетте «Қаздар ұшты көлсіз» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жыладың ба, күрсініп?
Шыны маған күмән.
Қабырғасы ырсиып,
Ақыл іштен тынар.
Күлдің бе екен менсіз,
Күмбірлеп ән кеудеңде?
Қаздар ұшты көлсіз,
Биік-биік. Шерменде...
Жұбандың ба дерексіз,
Өзіңді-өзің алдап?
Кейде ешкімге керексіз-
Қарайды өмір арбап.
Бәрі саған жарасты,
Кім қатесін көрген?
Ай-көрікті, адасты.
Мен де соған сенгем...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі