Көктем салқыны – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Көктем салқыны» атты Серік Тұрғынбеков жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 631
Өзгеріп әз өлкенің түсі неше,
Алмады ағынына қыс ілесе.
Иіскеп боз көдені баран айғыр,
Дауысы жер жарғандай кісінесе.
Дүние сол дауыстан сергігендей,
Желпініп, жандануын жел білердей.
Жылыстап келіп қалған аққу-қаздар
Дұрыстап қона алмайды көлді көрмей.
Жасарып кәрі тамыр әл кіргенде,
Бас алып бар бастаудан қан жүргенде.
Жарылып кетпей көктем қалай жатыр,
Қадірін адам түгіл, аң білгенде?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері