Қостанайға сәлем – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Қостанайға сәлем» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ар ма елі алқапты Қостанайдың,
намысымды жануға қосқан айбын?!
Топырағыңа табаным тірелгенде,
Ахмет бабам бастаған көш қарайды.

Есен бе екен мекені Ыбырайдың,
ала алмаған сынын да сұмырай күн?!
Көкірегімді кернеген жұпарыңнан,
сырларындай Сырбайдың зымыраймын.

Бейімбетті тудырған ерлігіңнен,
Кеңшіліктің жырындай кеңдігіңнен,
Беу, Қостанай, қосыңнан хош көремін,
Ғафекеңді шалқытқан елдігіңнен.

Бүгіп белің, маңдайдан үгіп терің,
тынып па едің үкілеп үміттерің?!
Қонақтайды Көкбөрі-Жүрегіме,
жанарыңнан көшкенде Түрік тегің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері