Өлең, жыр, ақындар

Бүгіннің біз Шырын мен Фархаты анық

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 597
Бүгіннің біз Шырын мен Фархаты анық,
Шерімізді іштегі тарқаталық,
Қолыма күн қондырып, айдан сырға,
Жұлдыздардан мойныма алқа тағып.
Өзіңді ойлап ұйқымды он бөлейін,
Жүрегіммен жүрекке жол берейін.
Иығыңа асып тал білегімді,
Жер шарындай би билеп, дөңгелейін.
Теңіздердей толқысам күй өремін,
(Іштей, менің сиынған ием едің).
Дауыл соқса солқылдап ақ қайыңдай,
Асқар шыңым, мен саған сүйенемін.
Аспанымды айналып шағала жыр,
Шақырғандай болады жағаға бір.
Бар шуағын шашқандай бетін беріп,
Құшағыңда тұрғанда маған өмір...
Махаббатың бергендей маған қанат,
Қанатымды ұшамын алауға орап.
Бар қызықты басымнан кешкендеймін,
Қарсы алдыңа отырсам саған қарап.
Шырындай мен, шынында, ғашық па едім,
Арнасынан асқандай тасып көңіл.
Жүрегіме жол соққан жүрегіңмен
Жұлдызымды сөйлетші ашып менің!..
Қабағыңа қанатын жайғандай күн,
Өзің барда көңілге қайғы алмаймын.
Құшағыңнан ашылып кең дүние,
Кең дүниеде тыныстап сайрандаймын.
Өмір деген үстінде сахнаның
Сезім сырын оңаша сапырамын.
Сенің жарық жұлдыздай жүрегіңе
Жүрегімнің жаярмын жапырағын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақбоз атпен ойқастап

  • 0
  • 0

Ақбоз атпен ойқастап
Күншығыстан таң атты!
Шұғыласын семсер ғып
Түн пиғылды жайратты!

Толық

Домбыра шанақ жер деген

  • 0
  • 0

Домбыра шанақ жер деген,
Өрлеген, сазды пернеден.
Биікке қонып бұлбұл құс,
Әнімен көңіл тербеген...

Толық

Кеудеме сыйған сезім ағыны әрең

  • 0
  • 0

Кеудеме сыйған сезім ағыны әрең,
(Ағысты өтіп кетсе сағынар ем).
Ұмытып кеткен қара көздеріңе
Кездестім ойда жоқта тағы да мен...

Толық

Қарап көріңіз