Жыр жаздым өз атыңа тебіреніп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жыр жаздым өз атыңа тебіреніп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 765
Жыр жаздым өз атыңа тебіреніп,
Оттағы қорғасындай көңіл еріп.
Бір түрлі қысыламын, жұрттың бәрі
Тұрғандай көздерімнен сені көріп...
Кінәсыз болса мынау өмір елік
Кетер ем жүрек гүлін жеріме егіп.
Сен де, аға, сезіндің бе сырластардың
Көзіңнен өтетінін мені көріп.
Болғандай кешегіден күнім жарық,
Барады қызғалдақтан қырым жанып.
Ғашық боп жүрген кезде сезімменен
Адамдар кетеді екен сұлуланып.
Көтеріп көкжиектен туын шабыт,
Аспанның қазанына қуырса бұлт,
Көңілге күндіз-түні маза бермей,
Кеудемде соғар жүрек дүбір салып.
Түн қайда жасыл жайлау алтын айлы,
Қырандай көңіл неге шалқымайды?
Жан сырым саған деген жыр боп шығып,
Жамбыдай шың басынан жарқырайды...
Сезімге бермейді екен өмір ерік,
Ойланам оңашада тебіреніп.
Құпия сырды аңғарып қараған жұрт
Күлімдер, көздерімнен сені көріп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері