Бесік жыры – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бесік жыры» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 1
  • 33683
Әні: Ескендір Xасанғалиевтікі

Әлди, әлди, бөбегім,
Ақ бесікке бөледім.
Ай мен күнге теңедім,
Ақтарылған өлеңім.

Әлди, әлди, жанарым,
Мақтанышы ананың.
Әлпештеген қарағым,
Таза болсын жан арың.

Қайырмасы:
Әлди, әлди, арманым,
Қыран құстай самғағың.
Бесік жырын арнадым,
Әлди, әлди, әлди-ай!

Әлди, әлди, құндызым,
Аспандағы жұлдызым.
Жарқыраған күндізім,
Үміт артқан гүл-қызым.

Әлди, әлди, балапан,
Тербетеді жан апаң.
Аялайды алақан,
Аялайды ана – Отан.

Қайырмасы:

Әлди, әлди, арманым,
Қыран құстай самғағын.
Бесік жырын арнадым,
Әлди, әлди, әлди-ай!


Пікірлер (1)

Ерланұлы Аслан

Бесік жырын керемет етіп жеткізген

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері