Қас қарайып, болған кезде түн қашан – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Қас қарайып, болған кезде түн қашан» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 783
Қас қарайып, болған кезде түн қашан,
Алатаумен кейде оңаша сырласам:
– Қара дауыл соққан шақта сыртыңнан
Жас емендей жарағаның – сынбасаң!
Қажытса да көңілсіз шақ, жар мұңы,
Қайғырма сен, ескен желдей барлығы.
Досқа жетпес бірге отырып ас ішкен,
Ештеме етпес пәтердің де тарлығы.
Күн боп батсам, ай боп қайта туамын,
Кірлеп кетсең, ақ бұлтыммен жуамын.
Жағасында жайбарақат сен жатсаң,
Сықылықтап мәз болады су ағын.
Құрбыңменен ойна да күл, жас төкпе,
Маған тіпті таға алмайды тас та өкпе.
Бұта сынса топырағыма шаныша сал,
Жап-жасыл ғып жіберейін әп-сәтте!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері