Өлең, жыр, ақындар

Сарыжайлау

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 628
Күйіңді шерт, кәні, Сайлау,
Күмбірлете салшы бір.
Көз алдымда сары жайлау,
Көз ұшында малшы жүр.
Жүрегімді қолыма алып,
Мен де солай жүгірдім.
Мына ақбоз үй толы халық
Күйін тыңдап Сүгірдің.
Келгендей-ақ заман ақыр,
Қылыш ойнап желкеде.
Шымырлатып бара жатыр,
Жүрек қылын шерте ме?..
Бірде жылы үн қатқандай,
Бір перизат таңданып.
Бірде мәңгі күн батқандай,
Жаңбыр жауып, қар жауып.
Тәтті сезім жетелейді,
Далаға ма, үйге ме?!
Өте сылқым, өте ойлы
Құйқылжыды күй неге?
Тамам халық егіледі,
Асау күйлер бас бұзар.
Неге шектен төгіледі
Осыншалық ащы зар?!
Жұбатардай дерт көңілді,
Жұмбақ болып ой терең.
Шымырлатып шертпе күйді,
Шертпей қойсаң қайтер ем?!
Күйіңді шерт, кәні, Сайлау,
Күмбірлете салшы бір.
...Көз алдымда сары жайлау,
Көз ұшымда малшы жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарыжайлау өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Сарыжайлау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сарыжайлау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарыжайлау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері