Нұрын шашып тұрған кезде жарық күн – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Нұрын шашып тұрған кезде жарық күн» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1675
Нұрын шашып тұрған кезде жарық күн,
Ауыр жүкті әйел жүрсе көтеріп.
Күнкөрістен қалжыраған халықтың
Кеткен оған еті өліп.
Өсекшінің ұзын тілі сүйреңдеп,
Күндер жылжып өтіп жатса күйбеңмен.
Қисық аяқ қызыл етік кигенге
Елдің көзі үйренген.
Асыл сезім көкіректе сақтаулы
Түсіп жатқан секілді ғой сынаққа.
Ести-ести шектен шығар мақтауды,
Жауыр болған құлақ та.
Іздейді жұрт тіршіліктің амалын,
Қансыраған қасқырдайын жаралы,
Астан-кестен, алмағайып заманның
Қас-қабағын бағады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері