Көне қала келбеті

Бұл бетте «Көне қала келбеті» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 837
Қабырғалар, қабырғалар құлаған
Енді қайта қаланбас.
Қалды астында қыруар сүйек, мың адам,
Ешкім қайта таба алмас.
Жауларына берілмеген ер жүрек,
Өлім бар деп ойламаған жалғанда.
Атқан оқтар зулағанда соңғы рет,
Шапқан аттар сол қалпында қалған ба?
Қабырғалар, қабырғалар, дәл сондай,
Ұқсатады көрген адам көзімен.
Сол ортада Аманкелді алшаңдай
Басып келе жатқандайын сезінем.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері