Алаңсыз саған сеніп ем

Бұл бетте «Алаңсыз саған сеніп ем» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 541
Алаңсыз саған сеніп ем,
Айдағаныңа көніп ем...
Алмадың дедің айтқанды,
Жүрмедің дедің жөнімен –
Осылай ма едің... ей, Өмір!
Жақсыға жала жаптырдың,
Жан-жақтан қамалаттырдың.
Тажал жандарды құтыртып,
Адал жандарды аттырдың –
Осылай ма едің... ей, Өмір!
Қайнады қаным қастыққа,
Тимеді басым жастыққа.
Аша тұяқ қалдырмай,
Апарып салдың аштыққа –
Осылай ма едің... ей, Өмір!
Жаялық қылып жанымды,
Аямай алақанымды,
Қолпаштап талай соқсам да,
Жазықсыз жала жабылды –
Осылай ма едің... ей, Өмір!
Бүлдіріп алдым әнімді,
Жоғалтып алдым сәнімді.
Оспадар қолдың қамшысы
Осып бір өтті тәнімді –
Осылай ма едің... ей, Өмір!
Боядым жасқа бетімді,
Қылышым тасқа кетілді.
Талай жыл жиып бергенім
Далаға кеткен секілді –
Осылай ма едің... ей, Өмір!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаңсыз саған сеніп ем өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Алаңсыз саған сеніп ем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алаңсыз саған сеніп ем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алаңсыз саған сеніп ем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері