Аққу өлді

Бұл бетте «Аққу өлді» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 553
Аққу өлді...
Ақкөлінен айрылды,
Қанатымен сабап-сабап айдынды.
Аңшы тұрды анық-қанық сыр ұқпай,
Ақын ғана –
Аһ ұрды да, қайғырды.
Аққу өлді...
Ақтық демін бір алып,
Осылайша опат болды бір «алып».
«Қу жанымды қалдыра гөр, құдай!» – деп
Тағдырынан өтінген жоқ, сұранып.
Аққу өлді...
(Өлетінін білмеді!)
Ойда жоқта үзілді де, тіл-демі,
Ілінгенде қарауылына мылтықтың
Іркілмеді... жүре берді ілгері.
Аққу өлді...
Ақша беттен жас тайып,
Аққуларды енді жоқтап бастайық...
Қос ауыздың ұңғысынан үрікпей
Қарауылға қарап тұрды-ау қасқайып!
Аққу өлді...
Кім еді оны өлтірген?!
Дәл осыны айта алмадым еркіммен.
Аққуымнан айрылған соң
Амалсыз –
Арылмадым бойға біткен дертімнен.
Аққу өлді...
Айдын көлдің ажары
Сұлық жатыр... тарқағандай базары.
...Оттан емес,
Судан емес ажалы,
Бұл сұмдыққа Адам ғана жазалы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққу өлді өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Аққу өлді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққу өлді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аққу өлді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері