Мені ойлап, аяп, тіпті қиналма
Бұл бетте «Мені ойлап, аяп, тіпті қиналма» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мені ойлап, аяп, тіпті қиналма.
Бітпейтін дау, құй даулама, құй даула.
Менің мұңым мидай дала мұңы еді,
Тола қоймас бар қажетті жиғанда.
Сәні оның көлеңке мен гүл ме еді?
Гүл шөліңде ұзақ өмір сүрмеді.
Ұғымы кең қазақ үшін ең бақыт
Ен далада атқа мініп жүргені.
Мен үшін де тірлік соған ұқсаған
Бірдеңеден тұратындай, түп санам
Ерік бермей, алып қашты жүремін,
Дала салтын жүрегімде ұстанам.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі