Өлең, жыр, ақындар

Зеренді

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 525
Жағасын жалатқан зерменен,
Толқынын жұпар жел тербеген,
Құшағын құмарлық кернеген,
Аспаны астасқан жерменен
Мен мұндай ғаламат көрмеп ем,
Сол енді...
Сен болдың, Зеренді.
Тосыннан келгенге ой тастар,
Толқындар өр кеуде, ойқастар,
Қасқайып қарайтын қой тастар,
Қайыңдар қайыңға айқасқан,
Тәкаппар тірліктер шайқасқан,
Сол енді...
Сен болдың, Зеренді.
Үстіңнен сағымдар жылжыған,
Астыңнан ағындар зырғыған,
Құлагер сияқты шұлғыған,
Орманың «ойпыр-ай» жыр буған
Жаралған болар ма нұр будан,
Сол енді...
Сен болдың, Зеренді.
Өзіңмен өлшейін өремді,
Өзіңнен таниын тереңді.
Толқының тулап бір жөнелді,
Мен соған салайын кемемді.
Ақындай толғатқан өлеңді,
Сол енді...
Сен болдың, Зеренді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сіңлісі Сараның

  • 0
  • 0

Сен шығарсың шынында
Бір сіңлісі Сараның.
Естілмеген ғұмырда
Тәтті жырың,

Толық

Шәкәрім

  • 0
  • 0

Жиырма тоғыз жыл
құдықта жатқан қартым-ай,
Құдықта жатқан қартыммен бірге
ұйықтап жатқан халқым-ай!

Толық

Айналаны ішіп-жесе момын жел

  • 0
  • 0

Айналаны ішіп-жесе момын жел,
Момын желге қырқа біткен жоның бер!
Көктем келсе ағыл-тегіл дүние,
Еріп сала береді ғой көңілдер.

Толық

Қарап көріңіз