Кеңейіп қара шаңырақ

Бұл бетте «Кеңейіп қара шаңырақ» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 566
Кеңейіп қара шаңырақ,
Сарыарқа сайран – сары бел.
Қозы мен қойдай жамырап,
Қосылып жатыр қалың ел.
Алатау, Қаратауларым,
Көкшетау, Қараөткелдерім.
Қосылды бақша-бауларым,
Қосылды өзен-көлдерім.
Шөлдеген жерге жауындай,
Нәр болар бойға әлі де...
Сағынып қалған бауырдай,
Қосылып жатыр бәрі де.
Қалыппын мен де аңсап тым,
Жүрекке жылу – нұр үйдім.
Саласы құсап саусақтың,
Баласына ұқсап бір үйдің.
Қосылсын бәрі қосылсын,
Кез келді бірге ұрандар...
Киіктер жонда жосылсын,
Қияда қалқып қырандар.
Тау мен дала қосылсын,
Ауыл мен қала қосылсын.
Өзенге көлдер қол созып,
Сай менен сала қосылсын.
Тобыл мен Торғай қосылсын,
Қасым мен Сырбай қосылсын.
Ғафу мен Ғаббас бірігіп,
Бір-бірін жалғай қосылсын.
Тұра ма бір ел болғасын,
Біріне-бірі болыспай.
Намысты бірге қорғасын
Әсия менен Қонысбай.
Бүгінгі ұрпақ жалғасын
Нұржан мен Нұрхан толғауын.
Құдайдың өзі қолдасын,
Төбеден құйып мол жауын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеңейіп қара шаңырақ өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Кеңейіп қара шаңырақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеңейіп қара шаңырақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеңейіп қара шаңырақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері