Мүктегі жазу

Бұл бетте «Мүктегі жазу» атты Ислам Қосжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 366
Кіріп алғасын кетер ме,
Құла таңдағы дүр арман?!
Маңғазданасың бекерге,
Пәниге бұл-жалған.
Күркіреп кеше келгенің,
Ұстатпай кеткен бір аттай.
Бір күншілік-күлгенің,
Найзағай!
Қайырылып артқа қаратпай,
(Бір шөкім бұлыт уыстай,)
Қайзамай!
Шаба салған қылыштай.
Өзі - елес,
Күлкісі дара.
Бақытты бопып өту емес,
Бақыт - күту ғана.
Бақыт сұрап жалғыздан, бақытын тосып әр күннің,
Тәнің мен жаның болдырып...
Пенделік жолға барғызған, бақытына жалтақтап әркімнің,
Бәрін қосқанда сол қызық.
Ұйқасын іздеп көктемнің,
Бұл күнге жеттік бақсыз да!..
Еске алса ертең өткен күн,
Бармыз ба, бәлкім, жоқпыз ба?!.
Пәнидің болса да бекері,
Жүресің жеткенше шамаң.
Содан...
Соң олар мүк басқан қабірге кідіріп өтеді,
Жатыр деп, осында “бақытты” Адам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мүктегі жазу өлеңінің авторы кім?

Ислам Қосжан — осы өлеңнің авторы.

Мүктегі жазу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мүктегі жазу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ислам Қосжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мүктегі жазу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері