Түн. Шықтың келуі

Бұл бетте «Түн. Шықтың келуі» атты Ислам Қосжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 470
Шартарап теңіз шамалы,
Зер шашақ тегіс жан-жағы.
Қанаты түннің талады,
Басады шықтың салмағы.
Қисыны келген қиыннан,
Бір тәтті және бір ащы.
Қылығы көркем, қиылған,
Тұманға аппақ ұласты?!
Қайралып өткір ептілік,
Суырған қанжар қынынан.
Айналып жүрсе көп күдік...
Құрметі артық, сыйынан.
Шық тұнып жерге тамады,
Моншақтай мөлдір ірі боп.
Қол былғап кетіп барады,
Қарайтын түнге бірі жоқ.
Кеудесі бырт-бырт сөгіліп,
Сәулесі сылқым себіліп.
Көңіл ғой тұрған төгіліп,
Өмір ғой тұрған егіліп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн. Шықтың келуі өлеңінің авторы кім?

Ислам Қосжан — осы өлеңнің авторы.

Түн. Шықтың келуі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн. Шықтың келуі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ислам Қосжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн. Шықтың келуі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері