Өлең мені іздеді – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Өлең мені іздеді» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2330
Күн көтеріп келе жатам кеудеме өлең мені іздеді
Көшелерді таңда кезіп күз демі
Жапыраққа шық тізгені.
Ерте оянып, ертегі айтып осылай
Өлең мені іздеді.
Жүрегімді жуып өтті бір ағын,
Естімей ме құлағың?
Алатаудың биігінен дәметіп
Бұлағындай жыладым.
Ақбас таудың сүйгенде не асқарын?
Бұлт-көңілім. Тас та мұң.
Өзгере алмай өтесің,
Өлшеп берген, қас-қағым.
Көшелерді таңда кезіп күз демі,
Жапыраққа шық тізгені.
Ерте оянып, ертегі айтып осылай
Өлең мені іздеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері