Кешкі сурет

Бұл бетте «Кешкі сурет» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1216
Атасы айтты: – Қарғам, – деп.
Жiгiт болып қалған, – деп.
Кем болмайды қайткенде
Əке тiлiн алған, – деп.
Қазiр бəрi – бiлiмде,
Жаман болмас күйiң де, –
Баласынан айналып
Сыймай отыр үйiнде.
Апасы айтты: – Күнiм, – деп.
Адам бопты бүгiн, – деп.
Кiтап бетiн ашпайтын,
Түзетiптi мiнiн, – деп.
«Оқып отыр сабағын» –
Дейдi ата-ана «Қарағым».
Емiренген баланың
Сықпытына қарағын:
Бiр кiтапты парақтап,
Əр бетiне қарап қап,
Мақтағанға əспенсiп
Бала отыр алақтап.
Бала отыр тектен-тек,
Мақтау оған жеткен жоқ.
– Бiр сом тығып қойып ем,
Қайда ұшып кеткен? – деп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешкі сурет өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Кешкі сурет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешкі сурет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешкі сурет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері