Аңқау – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Аңқау» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 714
Күресiп бiз
Жатыр едiк,
«Ал қайсымыз
Күштiмiз!» – деп,
Өттi осы кез
Жақын келiп
Бiр самолет
Үстiмiзден.
Барлығымыз
Қарап көкке,
Қолды сермеп,
Айқайладық.
СССР-деп
Самолетке
Жазылғанын
Байқап қалдық.
Ортамызда
Тұра қалып,
Бiр аңқаудың
Сұрағаны.
Желкесiн ол
Қасып қойды:
– Жазуды кiм
Жазып қойды?
– Кiм жазушы ед,
Не дегенiң,
Жазды өзiңдей
Адам оны!
– Самолетке
Төбедегi
Дедi ол: – Жеткен
Қалай қолы?!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері