Өмір өте шығады көргеніңдей – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Өмір өте шығады көргеніңдей» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2532
Өмір өте шығады көргеніңдей,
Жақсылық та оралар бергеніңдей.
Ғасырларға ілесіп сен келесің
Бұқарбайдың ізіне ергеніңдей.
Батыр шықты өзіңнен, бай да шықты.
Ғарыш жаққа ұшатын айла шықты.
Атам, анам қыз-жігіт болды сенде,
Адалдыққа серт сонда байласыпты.
Сонау сертті келіндер жалғастырып,
Төрде ұлы отырса малдас құрып.
Ауылымның түтіні түзу ұшса,
Балалары мінезді алмас, тұнық.
Өмір өте шығады көргеніңдей,
Жақсылық та оралар бергеніңдей.
Ғасырларға ілесіп сен келесің
Бұқарбайдың ізіне ергеніңдей.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері